Қарағандылық «Шахтер» Теміртау қаласында қызылорданың «Қайсарын» қабылдады.

«Шахтердің» 7-ші минутында есепті ашатын мүмкіндігі болды. Вичюстың ауттан лақтырған добын Ұлан Қонысбаев голға айналдыра жаздады. Осыдан кейін тағы да «кеншілердің» мүмкіндігі туындады. 27-ші минутта Михрет Топчагич қақпашымен жеке шыққанымен, қақпадан мүл кетті. Ал бірінші таймның орта тұсында Симчевич  «Қайсар» қорғаушыларын қапы қалдырып, соққы жасағанымен, Кирилл Прядкин өз орыннан табыла білді. Екінші таймда ойын жылдамдығы бәсеңісіді. Қос команда да тең есепке көнгендей, қарсы алаңда жойқын-жойқын шабуылдар жасай қоймады. Осылайша, тартысты өрбіген кездесуде есеп ашылмай, қос ұжым бір-бір ұпайды қанағат етті.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Шахтер» (Қарағанды) - «Қайсар» (Қызылорда)- 0:0 (0:0)

 

«Шахтер»: Мокин, Габышев (Бауыржан 79), Малый, Масло, Порываев, Симчевич, Вичюс, Конысбаев, Покривач, Муртазаев, Топчагич

«Қайсар»: Прядкин, Даутов, Кляйн, Кулибали(Балтаев 80), Яблан, Землянухин (Розыбакиев88), Калинин (Нарзилдаев 64), Фурдуй, Шестаков, Остапенко, Струков

Төрешілер: Александр Гаузер (Петропавловск), Валерий Гусев (Кокшетау), Андрей Козлов (Актау)

Ескертулер: Масло 22, Конысбаев 69 – Прядкин 62, Шестаков 69, Кляйн 71, Струков 79

24 тамыз 2014 жыл. «Металлург» стадионы. Теміртау қаласы