Абылайхан Жүсіпов пен Вадим Казаков Олимпиада жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.

Финалда Жүсіпов қарсыласы румындық былғары қолғап шебері Арсен Мустафаны сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. Ал Вадим Казаков норвегиялық Вегар Трегренді тізе бүктіріп, алтыннан алқа тағынды.

Қыздар арасынан ел намысын қорғаған жалғыз боксшы қызымыз Алуа Балқыбекова армениялық Ануш Григоряннан жеңіліп қалды.