Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы Кубадан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қарсыластары - Куба, Грекия, Испания. Бүгін спортшыларымыз алғашқы ойынында Куба құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірді.

Енді 16 шілдеде Испаниямен ойнайды.

Қазақстандық қыздар әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізінші орын алды.

Дүбірлі дода 28 шілдеге дейін созылады. Әлем чемпионатнда суға секіру, хай-дайвинг, ашық су айдынындағы суға жүзу, суға жүзу, синхронды жүзу, су добынан жарыстар өткізіледі.