«Ливерпульдің» голландиялық қорғаушысы Вирджил Ван Дейк «Барселона» клубына ауысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Каталониялық клуб ойыншының өкілдерімен байланысқа түскен, алайда олар бірден бас тартты.

Испаниялық клуб орталық қорғаушыны іздеп әлек болуда. Бұған дейін «Барса» «Аякс» футболшысы Матийс де Лигтке қызығушылық танытқан. Алайда, аталмыш ойыншы «Ювентуске» ауысады.