23 тамыз күні Испания өтіп жатқан «Вуэльта» додасының Херес-де-ла-Фронтера бағыты бойынша 12,6 шақырымға созылған кезеңі болып өтті.

Бұл кезеңде Movistar командасы жеңіске жетті. Ал екінші және үшінші орындарды Cannondale мен Orica GreenEDGE командалары өзара бөлісті. Қазақстандық «Астана» командасы Movistar-дан 30 секундқа кеш көрсеткішті көрсетіп, жарысты 13-ші орында аяқтады.