23-ші тамыз күні Алматы қаласында өтіп жатқан ерлер арасындағы әлем Кубогының жартылай финалдық кездесулері болып өтті.

Қазақстан құрамасы 5-8 орындар арсындағы плей-аут ойынында Черногория командасымен күш сынасты. Үшінші периодта 2 доп айырмасымен жеңіліп жатқан спортшыларымыз, жігерлік танытып соңғы кезеңде таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 9:8. Қазақстан сапынан  Владимир Ушаков үш доп соқса, Сергей Губарев пен Мұрат Шәкенов екіден, ал Роман Пилипенко мен Рустам Укуманов бір-бірден көзге түсті.

 

Су добынан әлем Кубогы. Ерлер. Алматы

1/2 финал

Плей-офф. 1-4 орындар

АҚШ – Венгрия 5:7 (1:3, 1:2, 2:2, 1:0)

Хорватия – Сербия 4:7 (1:2, 0:2, 1:3, 2:0)

 

Плей-аут. 5-8 орындар

Австралия – ОАР 13:2 (3:2, 3:0, 2:0, 5:0)

Черногория – Қазақстан 8:9 (2:3, 4:1, 1:1, 1:4)