Неміс теннисші қызы Сабина Лисицки допты ойынға қосу жылдамдығы бойынша Гиннесстің рекордтар кітабына енді,  деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Лисицки Стэнфордта өткен дода аясында Ана Ивановичке қарсы өткізген кездесуде допты сағатына 210,8 км жылдамдықпен қағып, рекорд орнатқан болатын.

Осыған дейін, рекода американдық Винус Уильямсқа (207,6 км/сағ)  тиесілі еді.