Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев өзінің отандасы Геннадий Головкиннің командасынан кеткен соң жекпе-жек өткізді.
Филиппиндік Рики Сисмундоға қарсы жекпе-жек Мадиев үшін Golden Boy Promotions сапындағы алғашқы кездесуі. Боксшылар Карсон қаласында (АҚШ) жұдырықтасқан. Жекпе-жек сегіз раундқа созылды. Оның нәтижесінде Руслан Мадиев төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды.