2014 жылғы «Тур де Франс» веложарысының жеңімпазы «Astana Pro Team» командасының шабандозы Винченцо Нибали жеңiстi велосипедiн аукционға шығарды.

Сатылымға шығарылған велосипед 51 миллион теңгеге сатылған, бұдан түскен қаражат түгелдей Көкшетаудағы облыстық перинатальді орталықты жарақтауға және өзге де қайырылымдылық іс-шараларға жұмсалады. Аукционға тағы да Александр Винокуровтың Vino атты алғашқы велосипедi, бірнеше танымал теннисшілердің, атап айтқанда: Галина Воскобоеваның, Роджер Федерердiң, Ярослава Шведованың, әлемнiң бұрынғы бiрiншi ракеткасы Хингистiң ракеткалары қойылған.