Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Вьетнамның Ханой қаласында құрлық додасының жалауы желбіреді. Қазақстандық волейболшылар Гонконг, Шри-Ланка және Макаомен бірге D тобына түсті. Бірінші кездесуде Қазақстан командасы Макаомен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.