Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінде жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов 19-шы сатыдан 17-ші орынға көтерілді. Ал Айдос Ербосынұлы 32-ші орында қалды.

Орта салмақ бойынша Геннадий Головкин көш бастап тұр. Мейірім Нұрсұлтанов бір саты жоғарылап, 24-ші орынға жайғасты. Жәнібек Әлімханұлы 26-орында.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Садриддин Ахмедов екі саты көтеріліп, 33-ші орында тұр.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев рейтингтегі өзінің орнын өзгертпеді (19-шы).

Жеңіл салмақта WBC International белбеуінің иегері атанған Виктор Коточигов үздік 40 боксшының (37-ші) қатарына енді.