Бүгін бас қалада үстел теннисі фестивалі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Хабар24 порталына сілтеме жасап.

Қала күніне орайластырылған дәстүрлі жарысқа биыл мыңға жуық спортшы қатысады. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның теннисшілері де бар.

Ең жас қатысушы мектеп оқушысы болса, ең үлкені зейнеттегі азамат. Байрақты бәскеде бірнеше номинация сарапқа салынып отыр.

Дүбірлі додада кәсіпқой мен әуесқой теннисшілер бақтарын сынауда.