Ел біріншілігінің 23-туры аясында семейлік «Спартак» пен «Тараз» арасындағы матч тең есеппен аяқталды.

Семей қаласында өрбіген тартысты кездесуде есеп ашылмады. Бүгінгі кездесуде қос команданың шабуыл өтіндегі футболшылардың жұмысы өнбеді. Осылайша, Семейде өткен матчта есеп ашылмай, қарсыластар бір-бір ұпайдан қанжығалады.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Спартак» (Семей) - «Тараз» (Тараз) - 0:0

23 тамыз 2014 жыл. «Спартак» стадионы. Семей