Қазақстан чемпионатының 23-ші турында керекулік «Ертіс» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуді» қабылдады.

Талдықорғандықтардың алғашқы таймда-ақ есепті ашатын мүмкіндігі болды. 39-шы минутта Руслан Эсатов қорғаушылардың өрескел қателігінен кейін Вячеслва Котлярмен жеке дара шығып, керекулік қақпашыдан айласын асырып кетті. Екінші таймның басы тек Саят Сариев пен Пасеченконың алаңнан қуылуымен есте қалды. Ал кездесудің соңғы минуттарында Игор Бурзанович көзге түсіп, командасын жеңілістен сақтап қалды.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Ертіс» (Кереку)- «Жетісу» (Талдықорған) - 1:1 (0:1)

Голы: Бурзанович 90 - Эсатов 39

Алаңнан қуылды: Сариев 60, Пасеченко 93