Қазақстандық кәсіпқой боксшы Искандер Харсан келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды.

Жеңіл салмақта жұдырықтасатын Искандер Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін қыркүйек айында АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге боксшы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Алматы қаласында өткізіп, грузиялық Джаба Мемишишиді (8-10, 1 КО) екінші раундта нокаутпен ұтты.