«Вильярреалдың» жартылайқорғаушысы Джованни дос Сантос «Астанаға» қарсы кездесу туралы ойын білдірді, деп хабарлайды televisadeportes.esmas.com.

«Ойнағанымыз көңілімнен шықты. Команда жеңіске жетсе, біз де бақыттымыз. Бірінші кездесуде тамаша нәтижеге қол жеткізсек те, қарымта ойынды ұмытпау керек. Біз сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жеттік, алайда бұл босаңсуға себеп емес. Әрине, біз жартылай істі тындырып қойдық, бірақ өз алаңымызда жеңу керекпіз. Қазақстанда көрсеткен ойынды қайталауға тырысамыз», -деді дос Сантос

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» алғашқы кездесуде 3:0 есебімен жеңілген болатын.