Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің бірінші жарыс күні аяқталды. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Валентина Сдержникова топ жарды.

Ол 182.8 нәтижесімен бірінші орын иеленді. Екінші орынды Кристинка Прокопьева (168.4), үшінші орынды ресейлік Александра Баранцева (163.4) еншіледі.

Еске сала кетейік, 11-14 шілде аралығында Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтуде. Жарысқа 11 елден спортшылар қатысып жатыр.