«Жұлдыздар кездесуіне» қатысатын алматылық клубтың аңыз ойыншылар қатарында толықтырулар болды, деп хабарлайды «Қайрат» футбол клубының ресми сайты.

Команда сапына жуырда ғана спорттық мансабын аяқтаған футолшылар қосылды: Алмас Күлшінбаев, Алексей Клишин, Сергей Киров, Роман Вороговский мен Асхат Қадырқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайраттың» 60-жылдығына арналған кездесу 26-шы қыркүйек күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.