Бұрынғы ONE FC чемпионы Қайрат Ахметов ONE FC Гран-при турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Файтеріміз 2-тамыз күні Манилада (Филиппины) Дэнни Кингадпен жекпе-жекке шығу керек еді.

«Ассалаумағалейкүм, достар!!! Жарақатыма байланысты тамыз айында жекпе-жекке шыға алмайтын болдым» деп жазды Ахметов әлеуметтік желіде.