Испания Суперкубогының екінші кездесуінде «Атлетико» мадридтік «Реалды»  (1:1, 1:0) жеңіп, Кубок иегері атанды.

Матчтың 2-ші минутта Антуан Гризманның пасынан кейін, Испания чемпионадарына жаңадан қосылған Марио Манджукич көзге түсті.  Диего Симиено шәкірттері «Атлетико» тарихында екінші мәрте бұл Кубокты жеңіп алды. Соңғы рет 1985 жылы осы жетістікке жеткен.

 

Испания Суперкубогы. Финал. Екінші кездесу

«Атлетико»  (Мадрид) «Реал» (Мадрид) 1:0 (1:1)

Гол: 2' Марио Манджукич - 1:0

Бас төреші: Давид Фернандес Борбалан

Төрешінің көмекшісі: Рауль Мартинес,Хорхе Канело Прието

Қосалқы төреші:  Антонио Сантос Парганья

23 тамыз 2014 жыл 02:30. Висенте Кальдерон стадионы