Қарағандылық «Сарыарқа» алдағы маусымға дайындық ретінде Гренобл қаласында өтетін «Турнуа де Вожани» додасына қатысуда, деп хабарлайды hc-saryarka.com.

Алғашқы кездесуде қарағандылықтар «Гренобль» командасын 3:2 есебімен ұтты. Овер-таймда Александр Васильев гол соғып командасына жеңіс сыйлады.

 

«Гренобль» (Франция) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 2:3 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 0:1)

0:1 – Шастин (Шинкарь) – 13:59

1:1 – Шивич (Лафранс) – 17:45

2:1 – Пети (Фаварен) – 29:22

2:2 – Угольников (Шафаренко, Жига) – 58:17

2:3 – Ал. Васильев (Ан. Васильев) – ОТ