11 шілдеге қараған түні Лос-Анджелесте ESPY Award марапаттау рәсімі өтті. Бұл жүлдені ESPN телеарнасы жекелей және командалық жетістіктер үшін береді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Халықаралық аренадағы үздік футболшы» номинациясында «Барселона» мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси үздік атанды. Оның бұл жүлдедегі бәсекелестері португалиялық Криштиану Роналду, француз Киллиан Мбаппе мен голландиялық Вирджил ван Дейк болған.

Ал MLS-тің үздік ойыншысы болып швед Златан Ибрагимович танылды.