Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында Татьяна Капустина қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды confederation.kz сайты. 

Отандық зілтемірші қыз 228 келіні көтеріп (105+123), жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Күміс жүлде иегері, ресейлік Светлана Щербакованыңкөрсеткіші де тура осындай, алайда, салмағының жеңілдігіне байланысты біздің спортшының алдын орап кетті. Ал Олимпиада чемпионы атағына тай спортшысы, 244 келіні (106+138) бағындырған Дуанг Чайди иелік етті.

Осылайша, отандық зілтеміршілер Нанкиндегі Олимпиада ойындарын аяқтады.