Испаниялық «Вильярреалға» қарсы өткен кездесуден соң «Астана» футбол клубының бас бапкерi Станимир Стойлов баспасөз-мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап берді.

«Бүгiн бiз барлық күшiмiздi ойынға жiбердiк. Жеңiске деген құштарлық та, мiнез де, рух та болды. Бірақ көп гол соғатын оңтайлы тұстарды жүзеге асыра алмадық. Жалпы ойын жоғары деңгейде өттi. Қарсыласымыз өте мықты команда. Біз үшiн бұл үлкен сабақ болды. Бүгін төрелік еткен қазылардың жұмысы көңілімнен шықпады. Ойын басталысымын екі бірдей сары қағаз көрсетті. Бұл да алаңдағы ойынға өз әсерін тигізді» , - дедi ол.