2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров студенттермен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Қымбат та күрделі спорт сарайларын салғанша, қарапайым және қолжетімді кешендерді көбейту керек. Қазақстанда велоспортты дамытуға басты кедергінің бірі осы. Назарбаев университетінің студентерімен кездескен Александр Винокуров осылай деп мәлімдеді. Кездесуге олимпиада чемпионымен бірге «Астана» командасының велошабандоздары да келіп, жастардың сан алуан сауалдарына жауап берді. Жиында клубтың алдағы жоспары мен отандық велоспорттың болашағы жайында сөз болды.