«Қайрат» футзал клубы «Орал кубогында» ресейлік «Тюмень» командасының дублін тас-талқан етті,  деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

«Тюменнің» дублерлері бесінші минутта-ақ есепті ашты. Алайда қатарынан төртінші матчта бірінші боп гол жіберген «Қайрат» шеберлігін танытты – таразы басын теңестіріп қана қоймай, қарсыласын 8:3 есебімен жермен-жексен етті. Алматылықтар сапында Дуглас, Сүлейменов, Жоан, Алешандре, Игита, Першин және Жаманқұлов көзге түсті.

«Қайрат»  - «Ишим»   8:3 (3:1)Голдар:  Кривошеев 5, Лисовский 28, Курбатов 32 – Дуглас 19, Сулейменов 23, 38, Жоан 24, Алешандре 30, Игита 37, Першин 39, Жаманқұлов 47«Қайрат»: Маркао, Игита, Қосмұхамбетов - Балтабаев, Жаманқұлов, Жоан, Сүлейменов, Лео, Алешандре, Першин, Дуглас, Смақов, Кайо«Ишим»: Кисельников - Киприянов, Марфенко, Вахитов, Новик, Кузьмин, Кривошеев, Фурсов, Лисовский, Курбатов, Исаев, Абышев21 тамыз. ДИВС. Екатеринбор.