Мадридтік «Реал» форварды Гарет Бэйлге қытайлық клубтан ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

El Chiringuito порталының мәліметінше, қытайлық клуб 29 жастағы Бэйлге аптасына 1,3 млн еуро ұсынбақшы.

Корольдік клуб Бэйлді 130 млн еуроға бағалаған болатын. Гарет корольдік клубқа «Тоттенхэмнан» 100 млн еуроға ауысқан болатын.

Валлийлік ойыншының корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.