Германияда жастар арасында бокстан Brundenburg-Cup 2019 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты бокс федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар Отанына үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль әкелді. Чемпион атанғандар: Жексен Бейбарыс (56 келі), Аширхан Айтжан (60 келі) және Тоғамбай Сағындық (91 келі). Екінші орын 52 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетовке бұйырды. Турнирдің қола жүлдегерлері: Базарбайұлы М. (49 кг), Дүйсебай Д. (64 кг), Мақсұт Қ. (81 кг) және Сабырғали А. (+91 кг).

Біріншілік үшін 21 елдің өкілдері күш сынасты.Олардың арасында Ресей, Украина, Франция, Германия, Дания, Румыния, Польша, Уэльс, Аргентина және басқа да Еуропа елдерінің боксшылары болды.

Бірінші жалпыкомандалық орынды Ресей құрамасы иеленді.