Ярослава Шведова испаниялық Анабель Медина Гарригеспен бірге WTA аясында өтіп жатқан Connecticut Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Жұптық кезеңнің ширекфиналдық матчында Шведова мен Медина Гарригес жаңа зеландиялық Марина Эракович пен испаниялық Аранча Парра Сантонхаға үш сетте жеңілді – 6:1, 5:7, 7:10.