Алдағы сенбі күні «Барыс» хоккей клубы жылдағы дәстүрінен жаңылмай, жаңа маусым алдынан жанкүйерлерімен кездеседі. Кездесу сағат 14:00-де «Думан» қонақүйінде өтеді.

Жанкүйерлер клуб басшыларына және ойыншыларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоя алады. Сондай-ақ, кездесу соңында сүйікті хоккейшілерімен фотоға түсіп, қолтаңба алуға мүмкіндік бар.