Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында спорттың пауэрлифтинг түрі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жасұлан Қалиев жүлделі үшінші орын иемденді деп хабарлайды Baq.kz сайты.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша 310 келіні бағындырған Жасұлан Қалиевтың көрсеткіші ел қоржынына "қола" жүлдені салып отыр. Ол армян жігіті Хакоб Мктрчан (1 орын) мен үндіс Венкату Рагалаға (2 орын) ғана есе жіберді.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан құрамасына алғашқы «алтынды» сыйлаған еді.