Суперауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер мен бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылы реванш өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

«Реванш өтеді, келісімшартқа қол қойылған. Жекпе-жек 22 ақпанға жоспарланып отыр. Екінші кездесуде Уайлдерді нокаутқа түсіремін», — дейді Фьюри Daily Mail порталына берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Фьюри мен Уайлдер жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында өткен болатын. Кездесу тең аяқталды.

Фьюри 28 жекпе-жекте 27 рет жеңіске жетіп, бір тең ойын көрсеткен. Уайлдер 41 рет жеңіске жеткен.