Бразилия құрамасы Америка Кубогының финалы аясында Перуге қарсы сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Командалар алғашқы таймда үш гол соғып үлгерді. Бразилия алғаш боп есепті ашты: 15-минутта Эвертон Жезустың нәтижелі пасын іске асырды. 44-минутта перуліктерден Герреро есепті теңестірді. Араға бір минут салып Жезус гол соғып өз командасын алға сүйреді. Ойынның аяқталуына 20 минут қалғанда екінші сары қағазын алған Жезус алаңнан кетті. Бразилия аз құраммен жеңіске жетті.

Еске салайық, Бразилия осымен тоғызыншы рет Америка Кубогының иегері атанды.

Америка Кубогы - 2019. Финал.

Бразилия — Перу 3:1 (2:1)

Голы: Эвертон, 15 (1:0), Герреро, 44 (1:1, пенальти), Жезус, 45+3 (2:1), Ришарлисон, 90 (3:1, пенальти).

Қызыл қағаз: Жезус, 70 (Б).

Copa América финалы: Бразилия — Перу кездесуінен бейнешолу