Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігінде еркін күрестен біздің қоржынға үш жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боз кілемге шыққан үш балуан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Дүбірлі додада 80 келіде сынға түскен Бекзат Аманғали финалға дейін жетті. Соңғы сәтте қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Олжас Олжақанов (65 келі) және Нұрдәулет Қуанышбай (71 келі) қола жүлдені қоржынға салды.

Айта кетерлігі, аталмыш жарыста Азия құрлығының 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдері бақ сынап жатыр.

Дүбірлі додаға сарықұрлықтың 19 мемлекетінен 300-ден астам балуан келді. Біздің еліміздің күрес түрлерінен құрамалар сапында 30 балуан бар.