Лас-Вегаста UFC 239 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Америкалық файтер Хорхе Масвидал Bellator-дың бұрынғы чемпионы Бен Аскренмен UFC 239 турнирі аясында кездесті.

Кездесудің 5-секундында Хорхе тіземен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Масвидалдың нокауты UFC тарихындағы ең жылдам нокаут болып саналады.