Қазақстандық қорғаушы Илья Горожанинов «Ақтөбе» командасымен келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы ойыншы бұған дейін «Торпедо-2», «Горняк», «Номад», «Астана» командаларында өнер көрсеткен.

2015 жылы Горожанинов әлем чемпионатының бірінші дивизионы аясында Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсетті. Бұдан бөлек, 2015 жылы Қысқы Универсиададаның күміс жүлдегері.

Өткен маусымда ойыншы «Ертісте» ойнады.