«Қайрат» футбол клубы 26 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадиондағы «Жұлдыздар матчында» «Қайрат» ардагерлер құрамасымен кездесетін Әлем құрамасының ойыншыларын жариялады.

Қақпашылар: Франческо Тольдо, Йенс Леманн.

Қорғаушылар: Паоло Мальдини, Хавьер Дзанетти, Алессандро Костакурта, Кахабер Каладзе, Фабио Каннаваро, Кристиан Пануччи.

Жартылай қорғаушылар: Сержиньо, Ривалдо, Луиш Фигу, Леонардо, Эдгар Давидс, Кларенс Зеедорф.

Шабуылшылар: Андрей Шевченко, Кристиан Вьери, Дуайт Йорк.

 

«Матчтан басқа футболшылармен автограф-сессия және фотосессия ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерекенің барлық қатысушысын стадионда матч алдындағы шоу мен көп тосын-сый күтіп тұр», - деп хабарланды алматылық клубтың ресми сайтында.