UFC президенті Дэйна Уайт Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатында Ресейде турнир өткізу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ресейде титулды жекпе-жек өткізу ме? Аустралияда неше жылдан бері өз нарығымызды орнатып жатқанымызды көрдіңіздер ғой, UFC ол жақта титулды жекпе-жекті енді өткізіп жатыр. Бұған уақыт керек. Бірақ Ресейде титулды жекпе-жек өтеді. 9 қарашада Мәскеудегі турнир ме? Егер оны ресми түрде бекітпесек, демек оның өтетінін айта алмаймыз», - деді Уайт.

Естеріңізге салсақ, Ресейдегі алғашқы UFC турнирі 2018 жылы қыркүйекте Мәскеуде өткен. Биыл сәуірде промоушен Сан-Петерборда шоу ұйымдастырды.