Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев әлем боксында аты бар боксшыны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

45 жастағы британиялық боксшы Дэнни Уильямс (53-26, 40 КО) кезінде атақты Майк Тайсон сынды мықтыларды жеңген болатын. Алайда жасы ұлғайып, қайраты қайтқан боксшы Алматыда жеңіліске ұшырады.

Бұл жекпе-жек негізі сегіз раундқа жоспарланған, алайда кездесу төртінші раундта аяқталды.