Құрылысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны шамамен 19,5 млрд теңге. Бірегей ғимаратта жекпе-жектің барлық түрінен халықаралық жарыстар өтеді. Көп функционалды аренаның аумағы 32 мың шаршы метр, спорт зал 5 мың адамға шақталған. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктан тұрады. Аренадағы әмбебап жаттығу залы, спорттық-сауықтыру бөлмесі мен жайлы қонақ үй қарастырылған. Сонымен қатар кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және шағын футбол алаңы да бар. Айта кетейік, кешен халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына сай салынды.