Зубайра Тухугов қазақстандық Дамир Смағұловпен октогонда кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос файтер 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде жекпе-жекке шығуы керек еді.

Смағұлов соңғы рет октогонда ақпан айында айқасқан еді. Төрешілер жерлесіміз Йоэль Альварестен басым болды деп шешім шығарған болатын.

Еске сала кетейік, Дамир Смағұлов ресейлік Тухуговты 30 маусым күні жекпе-жекке шақырды.