Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында Оңтүстік Кореямен төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу буллит сериясына дейін жалғасып, 3:2 есебімен шығыс азиялықтардың пайдасына аяқталды. Есеп - (0:1, 1:0, 1:1, 0:0, 1:0).

Айта кетейік, 6 шілде күні қос құрама қайта бір кездеседі. Бұл Қазақстан құрамасының Каннындағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы матчы болмақ.