Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уимблдонның жұптық бәсекесінен де шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше жекелей сында жарысты аяқтаған отандасымыздың жұптық жарыстада жолы болмады.

Жұптық сынның алғашқы айналымында Юлия ресейлік Виталия Дьяченкомен бірге Алисия Росольска/Астра Шарма жұбымен жолықты.

1 сағат 20 минутқа жалғасқан кездесу 7(7): 6(1), 6:3 есебімен Росольска/Шарма жұбының пайдасына аяқталды.