«Барыс» хоккей клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Валерий Ореховпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жастағы ойыншымен екі жақты келісімшарт 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

Орехов «Барыс» сапында ҚХЛ аясында 88 матчқа қатысып, 9 (4+5) ұпай жинаған.