Ресейлік «Ростов» командасы «Париматч» кубогы жолдастық турнирінің финалында мәскеулік ЦСКА-ны 2:1 есебімен жеңді.

Бұл ойында «Ростов» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсеткен жоқ.

Ұлттық құрама сапында алған жарақатына байланысты Бактиер «Париматч» кубогының алғашқы екі матчына да қатысқан жоқ.

ЦСКА - «Ростов» - 1:2

Гол соққандар: Федор Чалов 28 - Эльдор Шомуродов 9, 44