Қытайдың Нанкин қаласында ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында зілтеміршілеріміз жүлдеге таласты, деп хабарлайды confederation.kz сайты.

Алтынай Дәмен (58 келі) пен Михаил Макеев (69 келі) үздіктер үштігіне іліге алған жоқ. Дәмен 161 келі көтеріп (68+93) бесінші орынға тұрақтады. Ал 278 келіні бағындырған (125+153) Макеев қолаға сынық сүйем жетпей, төртінші орынмен жарысты аяқтады.

Олимпиада ойындары. 58 келі. Қорытынды:

1. Ньен-Нсин Чанг (Қытайлық Тайпей) – 203 келі (88+115)

2. Анастасия Петрова (Ресей) – 195 келі (85+110)

3. Саша Ниевас (Аргентина) – 178 келі (78+100)

Олимпиада ойындары. 69 келі. Қорытынды:

1. Божидар Андреев (Болгария) – 300 келі (133+167) 

2. Вячеслав Яркин (Ресей) – 294 келі (134+160)

3. Андрес Маурисио Кайседо (Колумбия) – 290 келі (132+158)