Қазақстан жастар құрамасы мен қостанайлық «Тобыл»  клубының жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей «ПРОСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Украина чемпионатына ауысуы мүмкін болғанын мәлімдеді.- Әлішер, Қазақстан жастар құрамасының жаттығуы қалай өтті?- Барлығы ойдағыдай, бапкер берген тапсырманы орындадық.- Францияға қарсы ойында мүмкіндігіміз бар ма? - Қандай мықты команда болмасын ұтуға болады деп ойлаймын.- Қалайда ұтуымыз керек деп бір-біріңе жігер бердіңдер ме?- Мен Қазақстан жастар құрамасына жақында ғана шақыртылдым. Екі-ақ жаттығу жиынына қатыстып үлгердім. Бірақ біз барлық ойында алаңға жеңіс үшін шығамыз.- «Тобылдың» бұрынғы жетістігін қайталау үшін не жетіспейді?- Иә, «Тобыл» көп жылдар бойы үздік үштік қатарында болып жүрді ғой, әлі дұрысталады деген сенімдемін.

 

- Біздің Чемпионатты бұрынғыға қарағанда біршама күшейген деп жатады, осы оймен келісесің бе?- Иә, біздің футбол дамып жатыр деп ойлаймын.- Ойын сапасы жақсарып келе жатқаны рас шығар, бірақ әлі де стадиондар мен инфрақұрылым нашар. Бұған не дейсіз?- Иә, келісемін стадион, база және академиялар ашылса жақсы болар еді.- Қысқы маусымаралық мерзімде Украина чемпионатының командасында байқауда болдың...- Иә, «Днепр» клубында байқаудан өттім. Байқаудан соң басшылық командада қалуымды сұрады, алайда ол кезде Украинада саяси дағдарыс болып жатқандықтан ата-анам қарсы болып, елге оралуымды өтінді.

 

- Ертең «Астана» - «Вильярреал» және «Ақтөбе» - «Легия» матчтары бір уақытта болады, қайсысын тамашалауды жоспарлап отырсың?- Абат шықса Ақтөбені қараймын (күлді), бірақ қәзір ғаламтордың арқасында екі матчты қатар көруге болады.- Абатпен жақын дос болдың ғой?- Абат екеуміз жасөспірімдер құрамасынан бері доспыз- Сұхбат бергенің көп рахмет. Үлкен спортта жетістікке жете бер!- Рахмет!