«Барселона» клубының шабуылшысы Филиппе Коутиньо мансабын «Пари-Сен-Жермен» командасында жалғастыруы мүмкін.

Қазіргі сәтте 27 жастағы футболшы Бразилия құрамасының сапында Америка Кубогында бақ сынап жатыр. Дегенмен Коутиньо париждік клубтың өкілдерімен келіссөз жүргізуді ұмытпаған.

Коутиньо Каталонияда жоғары деңгейде ойнай алмағанына қынжығылып, өзін басқа чемпионатта сынап көруге бел буған. Оған қоса ПСЖ басшылығы бразилиялық футболшыға «Барселонаға» қарағанда жақсы келісімшарт ұсынған.