Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабиое Капелло «Қайрат» ардагерлерімен кездесетін Әлем құрамасын жаттықтырады.

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді. Капелло «халық командасының» бұл ұсынысын қуана-қуана қабылдап, уақытша әлем құрамасының жаттықтырушысы болуға келіскен.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» ардагерлері мен Әлем құрамасы арасындағы жолдастық кездесу 26-шы қыркүйек күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.