WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі кездесуін мексикалық Марко Антонио Рубиоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

Екі жақ та кездесу туралы келісім-шартқа қол қойды. Аталмыш кездесу 18 қазанда Калифорнияда өтеді.

Естеріңізге салсақ, соңғы кездесуінде Головкин аустралиялық Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді.